RU

Головкин Муратаны жеңсе, кіммен жұдырықтасуы мүмкін

Генадий
Фото: Instagram/gggboxing

The Ring журналисі Райан О'Хара орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинге 2022 жылы кім қарсылас болуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Sports.kz.

Райан О'Хараның айтуынша, қазақстандық боксшы WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион жапониялық Риота Муратаны жеңген жағдайда мексикалық Хайме Мунгиямен жұдырықтасуы мүмкін.

Мунгия 14 қарашада америкалық Габриэль Росадомен болған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен еді.

"GGG-дің Муратаны жеңетінін ескерсек, 2022 жылы Головкин - Мунгия арасындағы жекпе-жекті тамашалаймыз ба? Ал Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу туралы ұмыту керек шығар", - деп жазды журналист Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы кездесу 29 желтоқсанда Жапонияның Сайтама қаласында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1942167-golovkin-muratany-zense-kimmen-zudyryqtasuy-mumkin/