Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасындағы даудан соң отандық боксшы қыз кәсіпқой бокста бақ сынамақ

Опубликовано:

боксшы
Фото: instagram.com/angelina_lukas1997

Қазақстандық былғары қолғап шебері Ангелина Лукас 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бокс кешінде кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sports.ru.

Басылым мәліметінше, әзірге отандық боксшының кіммен жұдырықтасаны белгісіз. Алайда жекпе-жекетің төрт раундтан тұратыны белгілі болып отыр.

Сонымен қатар, 18 желтоқсан күні елордадағы бокс кешінде шаршы алаңға боксшылар Данияр мен Дәурен Елеусіновтер, Иван Дычко, Жанқош Тұраров көтеріледі.

Осыған дейін Жанқош Тұраров МТК Global (Kazakhstan) компаниясымен келісімшартын бұзғанын хабарлаған еді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ангелина Лукас бокстан қыздар құрамасындағы былықтарды айтып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасаған болатын.

Сонымен қатар, Назым Қызайбай Токиода өткен олимпиадаға неліктен бармағанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1942202-qazaqstan-quramasyndagy-daudan-son-otandyq-bokssy-qyz-kasipqoi-boksta-bagyn-synamaq/

pixel