Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұят-ай! Он гол соға алмадық": Француз жанкүйерлері өз пікірлерімен желіні шулатуда

Опубликовано:

Футбол
Фото: Қазақстан футбол федарациясы

Өткен аптаның соңында Франция футбол құрамасы Қазақстанды 8:0 есебімен жеңді. Осыдан кейін әлеуметтік желіде әлем чемпиондарының жанкүйерлері пікірлерін жаңбырша жаудырып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

"Өте ауыр түнді бастан өткізген Қазақстан қақпашысы не ойлады екен?", "Қазақстандықтар үшін жүрегім ауырып тұр", "Бізде 10:0 есебімен ұтатын мүмкіндік болды", "Бұл ойын жаттығудан оңай болған секілді", "Бұл матчты 18 жасқа толмаған балаларға көруге тыйым салу керек", "Ұят-ай! Біз он гол соға алмадық?! Тек сегіз ғана доп дарыттық", "Қазақстан деңгейіндегі құраманы жеңу ерлік емес",

"Қазақстанға Азияға оралу керек. Олардың УЕФА-да болашағы жоқ", "Қарсыластың қақпашысы тепкен доптардың бәрін жіберіп алды", "Бұл зорлау", "Достар, тынышталыңыздар. Бұр болғаны Қазақстан құрамасы ғой", "Мен Қазақстан үшін қынжылып тұрмын, бұл қалжың емес", "Бұл теннис есебіне ұқсады", "Франция қақпашысының іші пысып кетті ғой", - деді олар.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбі күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Франциямен кездесіп, 0:8 есебімен ұтылды. Бұл тарихтағы ірі жеңіліс болып табылады. Бұған дейін ұлттық құрама Түркия мен Ресейден 0:6 есебімен есе жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1942245-uyat-ai-on-gol-soga-almadyq-francuz-zankuierleri-oz-pikirlerimen-zelini-sulatuda/

pixel