Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Головкин бар ма": Сауль Альварестің бапкері шәкіртінің келесі қарсыласы кім болатынын айтты

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Obovsem

Орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо шәкіртінің келесі кездесуі кіммен өтуі мүмкін екенін хабарлады, деп жазады Sports.kz.

Қараша айының басында "Канело" IBF титулының бұрынғы иегері Калеб Плантты нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы барлық чемпиондық атақты біріктірген.

Осы жекпе-жектен кейін мексикалық былғары қолғап шебері келесі жылы шаршы алаңға көтерілетінін мәлімдеді.

"(Джермалл) Чарло, (Дэвид) Бенавидес, (Артур) Бетербиев, (Дмитрий) Бивол", - деп Рейносо ESNews тілшісінің сұрағына жауап берді.

Айта кетейік, Эддидің шорт тізімінде орта салмақтағы IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкиннің есімі аталмады. Алайда Сауль Альварес соңғы айқасынан кейін қазақстандық боксшымен жұдырықтасуға қарсы емес екенін, ол үшін GGG-ді салмағын көтеруге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1942355-golovkin-bar-ma-saul-alvarestin-bapkeri-sakirtinin-kelesi-qarsylasy-kim-bolatynyn-aitty/

pixel