RU

БАҚ: Ресейлік ММА шебері дәрігерді өлтірді деп күдіктелуде

Қолынан кісен салынған ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Гуам аралында тұратын ресейлік ММА шебері Акмаль Хожиев адам өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды vRINGe.com.

Басылымның дерегінше, қайғылы оқиға 7 қарашада Гуамның Тамунинг қаласында болған.

Guam Daily Post ұсынған мәліметке сәйкес, Акмаль Хожиев пен қаза болған 42 жастағы дәрігер Рибати бірін-бірі таныған.

"Олар қайғылы жағдай болған күні Акмальдің үйіне түскі ас ішуге барған. Онда ер адамдардың арасында коронавирус вакцинациясына байланысты жанжал шыққан.

Дәрігер мен спортшының арасындағы дау шиеленісіп, Хожиев медицина қызметкерін қылқындырған. Сол жерде болған куәгер оларды ажыратуға тырысқанымен, Акмаль оның басынан екі рет ұрған көрінеді.

Рибати қашуға тырысқанымен, Акмаль оны жібермей бірнеше пышақ жарақатын салған", - деп жазады басылым.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келгенде Хожиев қылмыс жасағанын мойындаған.

Ал пышақ жарақатын алған дәрігер сол жерде көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1942549-baq-reseilik-mma-seberi-darigerdi-oltirdi-dep-kudiktelude/