Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака қазақ баласының тұсауын кесті (фото)

Опубликовано:

Кака
Фото: instagram.com/kakafutsalcoach

Футзалдан Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайрат" клубының бас бапкері Рикардо Кака спортшы Біржан Оразовтың ұлының тұсауын кесті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Кака өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Тұсау кесер - Қазақстанда әлі күнге дейін сақталып келе жатқан ежелгі дәстүрледің бірі. Рәсім бір жасқа толған баланың құрметіне жасалады. Бұл бала өз бетінше жүріп кетуі үшін өткізіледі. Тұсау кесер рәсімі кезінде баланың аяғын жіппен байлайды.

Жіпті отбасы таңдаған, энергиясы мықты, мейірімді, өмірде жеткен жетістігі көп, жақсы адамға кестіреді. Осылайша, бала да тұсауын кескен адам секілді табысты болады деп санайды", - дейді ол.

Сондай-ақ, бапкер кішкентай Димашқа жарқын болашақ тілейтінін жазған.

Футзалшы Біржан Оразов Какаға қазақтың ұлттық шапанын кигізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1942834-futzaldan-qazaqstan-quramasynyn-bas-bapkeri-kaka-qazaq-balasynyn-tusauyn-kesti-foto/

pixel