Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келесі айдың басында той": Сәкен Бибосынов жақында шаңырақ көтеретінін айтты

Опубликовано:

боксшы
Фото: ЭК/Андрей ХАЛИН

Токио Олимпиадасында қола, Белградтағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған боксшы Сәкен Бибосынов жақында шаңырақ көтеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Олимпиада кезінде үкімет тарапынан берілген қаржыны қайырымдылыққа жұмсаған Сәкен Белградта алған сыйақысын ата-анасына үлкен үй салып беруге және үйлену тойына жұмсайтынын жеткізді.

Былғары қолғап шеберінің сөзінше, той Шымкент қаласында желтоқсан айында өтеді деп жоспарланып отыр.

"Әке-шешеме, бауырларымның жағдайын жасауым керек. Егер артылып жатса мұқтаж жандарға көмектесуге дайынмын. Алдағы жоспарымның бірі - үйленіп, отбасылы болу. Келесі айдың басында той болады бұйырса. Сол тойға дайындалуым керек. Шымкенттің қызы. Келесі жылы Азия ойындары, одан кейін 2023 жылы әлем біріншілігі. Соған дайындық жұмыстарын бастаймыз. Менің мақсатым - 2024-те Олимпиада чемпионы атанып, еліме алтын сыйлау", - дейді ол.

Айта кетейік, Сәкен Бибосыновқа Белградтағы әлем чемпионатындағы жеңісі үшін 100 мың доллар көлеміндегі AIBA-ның сыйақысы, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтан 70 мың доллар, мәдениет және спорт министрлігінен 6 миллион теңге берілген.

Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев боксшыға Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беруді тапсырған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1942948-kelesi-aidyn-basynda-toi-saken-bibosynov-zaqynda-sanyraq-koteretinin-aitty/

pixel