Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы мен Хассан Н ' Жикам көз арбасты (видео)

Опубликовано:

Боксшылар
Фото: twitter.com/qazaqstyle

Ешқашан жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен оның франциялық қарсыласы Хассан Н ' Жикам көз арбасты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске салайық, боксшылардың арасындағы жекпе-жек 20 қараша күні (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21 қараша күні таңертең) Лас-Вегаста өтеді.

Бүгін олар кездесу алдындағы баспасөз жиынын өткізіп, көз арбасты.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының кәсіби рингтегі қоржынында 10 жеңіс бар. Олардың алтауын мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал Хассан Н'Жикам 38 рет жеңіске жетіп, бес рет жеңілген. 2017 жылы жапониялық Риота Муратаны жеңіп, WBA белбеуіне ие болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1942985-zanibek-alimxanuly-men-xassan-n-zikam-koz-arbasty-video/

pixel