Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ірі жеңіс": Қазақстандық регбиші қыздар Филиппинді 48:0 есебімен жеңді

Опубликовано:

Регбиден Қазақстан командасы
Регбиден Қазақстан командасы: olympic.kz

Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында регбиден әйелдер командалары арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан әйелдер командасы топтағы екінші ойында ірі есеппен жеңіске жетті.

Қазақстандықтар Филиппин командасымен кездесіп, 48:0 есебімен қарсыласты тізе бүктірді.

Айта кетелік, алғашқы матчта Қазақстан Жапонияға 7:19 есебімен жол берген болатын.

А тобында Қазақстан, Жапония, Филиппин және Таиланд командалары сынға түсуде.

Регбиден Қазақстан әйелдер командасы 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2018 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1943087-iri-zenis-qazaqstandyq-regbisi-qyzdar-filippindi-480-esebimen-zendi/

pixel