Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионын нокаутқа жіберді (фото, видео)

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы85
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: sports.kz

Орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) WBA және WBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Хассан Ндам Нжикамды нокаутқа жіберіп, кәсіби бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кездесу АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтті.

Жекпе-жек 10 раундқа есептелген болатын. Алайда Жәнібек Әлімханұлы үшінші раундта өзінің жойқын соққыларымен қарсыласын нокдаунға жіберді.

Дегенмен кездесу әрі қарай жалғасып, сегзінші раундта төрешілер жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңіп, өзіне тиесілі WBO Global чемпионы титулын қорғап қалды. Одан бөлек, отандасымызда WBC Continental титулы да бар.

Айта кетейік, бұл қазақстандық боксшының кәсіби бокстағы 11-жеңісі. Бүгін оның жетіншісі мерзімінен бұрын аяқталып отыр.

Ал Хассан Ндам Нжикам кәсіби мансабында алтыншы рет жеңіліске ұшырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1943173-zanibek-alimxanuly-buryngy-alem-cempionyn-nokdaunga-ziberip-zenisti-zulyp-aldy/

pixel