Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз әлі әлемді шулатамыз!": Әлімханұлы кезекті жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Фото: Instagram/ janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой шаршы алаңда қарсылас шақ келтірмеген отандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы француз Хассан Ндам Нжикамды (38-6, 21 КО) жеңгеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Аллаға шүкір, кезекті жеңіске қол жеткіздік! Бұл тек менің емес, бұл Қазақ елінің және әлемнің түкпір-түкпіріндегі QAZAQ STYLE жанкүйерлерінің жеңісі!

Біз тарих жасаймыз. Біз әлі әлемді шулатамыз, бұйыртса! Қолдауларыңызға рақмет!" - деп жазды Әлімханұлы Instagram парақшасында.

Еске салайық, Әлімханұлы Нжикамды 8- раундта техникалық нокаутқа жіберіп, WBO Global тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1943260-biz-ali-alemdi-sulatamyz-alimxanuly-kezekti-zenisinen-keiin-malimdeme-zasady/

pixel