Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарсыласын нокаутпен жеңген Әлімханұлы рейтингте нешінші орынға көтерілді

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Sports.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының кезекті жеңісінен кейін Boxrec.com рейтингіндегі позициясы белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Француз Хассан Ндам Нжикаммен жекпе-жекке дейін Әлімханұлы орта салмақ рейтингінде сегізінші орында болған. Жәнібек кеше қарсыласын техникалық нокаутпен жеңгеніне қарамастан, бұл оның BoxRec рейтингіндегі позициясына әсер еткен жоқ. Отандасымыз сегізінші орнын сақтап қалды..

Қазіргі уақытта Жәнібекке рейтинг бойынша жақын тұрған былғары қолғап шебері – британиялық Лиам Уильямс.

Ал отандасымыздың келесі қарсыласы болуы мүмкін әлем чемпионы америкалық Деметриус Андраде алтыншы сатыға жайғасқан.

Еске салайық, кеше Әлімханұлы Нжикамды 8- раундта техникалық нокаутқа жіберіп, WBO Global тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпион атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1943271-qarsylasyn-nokautpen-zengen-zealimxanuly-reitingte-nesinsi-orynga-koterildi/

pixel