RU

Қуат Хамитов отандық файтермен жекпе-жек өткізбек

Қуат Хамитов
Фото: Instagram/ kuat__khamitov

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов алдағы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қуат "Найман" 16 желтоқсанда жерлесі Нұрберген Шәріповпен кездеседі. Бұл туралы спортшының өзі Instagram парақшасында жазды.

"Ресми! Қуат Хамитов vs Нұрберген Шәріпов. 16 желтоқсанда MFC-2-де, грэпплингтен жекпе-жек", - деді ол.

Айта кетейік, кәсіпқой шаршы алаңда қарсылас шақ келтірмеген отандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы француз Хассан Ндам Нжикамды (38-6, 21 КО) жеңгеннен кейін мәлімдеме жасаған еді.

"Аллаға шүкір, кезекті жеңіске қол жеткіздік! Бұл тек менің емес, бұл Қазақ елінің және әлемнің түкпір-түкпіріндегі QAZAQ STYLE жанкүйерлерінің жеңісі! Біз тарих жасаймыз. Біз әлі әлемді шулатамыз, бұйыртса! Қолдауларыңызға рақмет!" - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1943276-quat-xamitov-otandyq-faitermen-zekpe-zek-otkizbek/