RU

Ресейлік канал Жәнібек Әлімханұлының Сауль Альваресті жеңе алатынына күмән келтірді

Боксшы
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Ресейлік "Боевая провинция" Youtube каналы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондармен, соның ішінде мексикалық әйгілі боксшы Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасуға қауқары жетпейтінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

"Әлімханұлының нокаутқа жіберетіндей жойқын соққысы жоқ. Ол тіпті, Нжикамды ертерек жеңе алмады. Қандай деңгей екенін елестетіп көріңізші? Қайдағы Альварес, қайдағы Смит... Оның үстіне, ол өзінің салмақ дәрежесінде емес, оған екінші орта салмақта жұдырықтасуы керек. Айырмашылықтың қалай байқалатынын қараңыз", - дейді канал авторы.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін орта салмақтағы әлем чемпиондарын бірнеше рет жекпе-жекке шақырған болатын.

Алайда олардың ешбірі боксшыға жауап қатқан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1943387-reseilik-kanal-zanibek-alimxanulynyn-sul-alvaresti-zene-alatynyna-kuman-keltirdi/