RU

Бокстан ел чемпионаты қашан басталатыны белгілі болды

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: 24.kz

Бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионаттары өткізілетін уақыттары белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Басты мақсат – еліміздің барлық өңірінен келген мықты спортшыларды анықтау және ұлттық құраманы жасақтау, бапкерлер мен төрешілер жұмысын бағалау сонымен қатар алдағы жарыстарға дайындық" делінген хабарламада.

Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты тұңғыш рет 12 салмақ дәрежесінде, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Шучинск қаласында "Жақсы" спорттық базасында 7-12 желтоқсан аралығында өтеді.

Еліміздің батыс өңірінде өтетін, ерлер арасындағы ел біріншілігі 13 салмақ дәрежесінде, Орал қаласы, Астана шағын ауданы 17, "Теннис орталығында" 14-24 желтоқсан аралығына жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1943601-bokstan-el-cempionaty-qasan-bastalatyny-belgili-boldy/