Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақында үлкен той": Сәкен Бибосыновтың бейтаныс арумен түскен суреті тарады (фото)

Опубликовано:

3
Фото: Instagram/ asstudio.kz

Әлеуметтік желіде бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың бейтаныс бойжеткенмен түскен фотосы тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Боксшының суреті Instagram желісіндегі asstudio.kz парақшасында пайда болды. Онда Сәкен Бибосынов бейтаныс арумен ұлттық киімде бой көрсетеді.

Сәкен Бибосынов
Фото: Ашық дереккөз

Боксшының жеке өміріндегі жағымды жаңалығы туралы той ұйымдастырушы Хамит Шалхар өз парақшасында жазды.

"Жақында Бибосынов әулетінде "Мереке" өнер орталығының ұйымдастыруымен үлкен той",- деді ол.

Айта кетейік, жақында Сәкен Бибосынов келесі айдың басында шаңырақ көтеретінін мәлімдеген болатын.

"Әке-шешеме, бауырларымның жағдайын жасауым керек. Егер артылып жатса мұқтаж жандарға көмектесуге дайынмын. Алдағы жоспарымның бірі - үйленіп, отбасылы болу. Келесі айдың басында той болады бұйырса.

Сол тойға дайындалуым керек. Шымкенттің қызы. Келесі жылы Азия ойындары, одан кейін 2023 жылы әлем біріншілігі. Соған дайындық жұмыстарын бастаймыз. Менің мақсатым - 2024-те Олимпиада чемпионы атанып, еліме алтын сыйлау", - деген еді ол.

1
Фото: Instagram/ hamit_mereke

2
Фото: Instagram/ asstudio.kz

3
Фото: Instagram/ asstudio.kz

4
Фото: Instagram/ asstudio.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1943965-zaqynda-ulken-toi-saken-bibosynovtyn-belgisiz-arumen-tusken-fotosy-tarady-foto/

pixel