Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанқош Тұраров Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде 39 жастағы боксшымен қолғап түйістірмек

Опубликовано:

Жанқош Тұраров
Жанқош Тұраров. Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) Нұр-Сұлтанда 18 желтоқсанда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

BoxRec.com сайтының мәліметінше, Тұраровтың қарсыласы "Батыл жүрек" лақап атымен танымал 39 жастағы мысырлық Абдумон Саид (22-1-1, 11 КО).

Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген.

Отандасымыз бұған дейін 2019 жылы кездесу өткізіп, үшінші раундта Аргентина боксшысы Маура Максимильяно Годояны (35-7-1, 17 КО) нокаутқа жіберген болатын.

Ал Саид 2020 жылдың соңында шаршы алаңға шыққан. Сол кезде Каирде отандасы Валид Тавфикті (8-3, 1 КО) дисквалификация бойынша жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта ұлттық чемпион титулын иеленген.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Қазақстанның кәсіпқой боксы" парақшасының хабарлауынша, осы кеште Жанқош Тұраровтан бөлек, бірінші жартылай орта салмақтағы боксшылар Айдар Шәрібаев (8-1, 7 КО) пен Дәулет Дәукенов (9-2, 4 КО) те шаршы алаңға шығады.

Айдар Шәрібаев Ресей атынан сынға түсетін Шохрух Абдиевпен (9-2-1, 3 КО) жұдырық түйістірсе, Дәулет Дәукеновте ганалық Анама Дотсемен жекпе-жекке шығады.

Еске сала кетсек, 18 желтоқсанда елордада өтетін кәсіпқой бокс кешінде отандасымыз Иван Дычко мен Данияр Елеусінов те өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1944341-zanqos-turarov-nur-sultandagy-boks-kesinde-39-zastagy-bokssymen-qolgab-tuiistirmek/

pixel