Головкин абсолютті әлем чемпионы атану мүмкіндігінен бас тартуы ықтимал

Опубликовано:

Генадий
Фото: Instagram/gggboxing

DAZN тілшісі Серхио Мора қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Деметриус Андраде арасындағы кездесудің өтуі екіталай екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

"Егер Головкин Муратаны жеңетін болса, деректеріме көз жүгіртсек, ол ешқашан Андрадеге назар аудармайды, - деді Мора.

Осылайша, Головкин орта салмақта абсолютті әлем чемпионы болу мүмкіндігінен айырылады. Өйткені Андраде бұл дивизиондағы WBO белбеулерінің бірін иеленбек. Қазіргі уақытта Геннадий IBF және IBO титулдарының иегері. (Риота Муратаны жеңген жағдайда отандасымыз WBA Super белбеуін қосып алады). 160 фунтта тағы бір титулға Джермалл Чарло ие. Боксшыда WBC белбеуі бар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Геннадий Головкин бокстағы мансабын аяқтағаннан кейінгі жоспарларын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1944432-golovkin-absolyutti-alem-cempiony-atanu-mumkindiginen-bas-tartuy-mumkin/