Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы кәсіпқой бокс: Данияр Елеусіновтің қарсыласы рингке шықпайтын болды

Опубликовано:

Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов. Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Мексикалық Данте Хардон (41-7, 25 КО) IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновпен (10-0, 6 КО) жекпе-жек өткізбейтін болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның себебі – Хардонның жарақаты. Ол қолын сындырып алды. Дәрігерлер оған рингке шығуға тыйым салып отыр, деп жазады Sports.kz.

Айта кетейік, Елеусінов – Хардон кездесуі 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кәсіпқой бокс кешінде өтуі тиіс болатын. Данияр Елеусінов бірден екі титул: IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша әлем чемпионы және IBO титулы үшін қолғап түйістіретіні жазылған болатын.

Кеш аясында шаршы алаңға, сондай-ақ ауыр салмақтағы боксшымыз Иван Дычко (10-0, 10 КО) ресейлік Александр Устиновқа (36-5-1, 27 КО) қарсы шығады.

Бұдан бөлек, Данияр Елеусіновтің інісі Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО), Айдар Шәрібаев (8-1, 7КО), Дәулет Дәукенов (9-2, 4КО) өнер көрсетеді деп жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1944539-astanadagy-kasipqoi-boks-daniyar-eleusinovtin-qarsylasy-ringke-syqpaityn-boldy/

pixel