"Адам шошитын сома": Головкин мен Мурата арасындағы жекпе-жектің бюджеті жарияланды

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/gggboxing

Жапониялық Chunichi Shimbun басылымы IBF/IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super титулының иегері Риота Мурата арасындағы жекпе-жектің бюджеті ақпарат ұсынды, деп жазады Sports.kz.

"Бұл кездесу Жапония боксы тарихындағы ең ірі жекпе-жек болып табылады, оның жалпы бюджеті 15 миллиард иеннен әлдеқайда жоғары", - деп жазды басылым.

Бұл ақпарат Жапонияда көптің талқысына түсіп жатыр.

Жапониялық журналист Рё Катаокидің айтуынша, бұл көрсеткіш шындыққа жанаспайды.

"Жер бетінде мұндай масштабтағы бокс оқиғасы болған емес", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Геннадий Головкин бокстағы мансабын аяқтағаннан кейінгі жоспарларын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1944611-adam-sosityn-soma-golovkin-men-murata-arasyndagy-zekpe-zektin-byudzeti-zariyalandy/