Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін таласады

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы39
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

WBO Бүкіләлемдік бокс ұйымы америкалық чемпион Деметриус Андрадеге қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығып, титулын қорғауды міндеттеді, деп хабарлайды Sports.kz.

"Орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жоғарыда аталған міндетті жекпе-жек бойынша WBO тараптарға келіссөзді бастауға бұйрық береді. Осы хабарлама жіберілгеннен кейін тараптарға келіссөз өткізуге және келісімге келуге 20 күн беріледі", - делінген WBO хабарламасында.

Айта кетсек, бұл хат Деметриус Андраденің промоутері Эдди Хирнге және Жәнібек Әлімханұлының менеджері Боб Арумға арналған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) WBA және WBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Хассан Ндам Нжикамды нокаутқа жіберіп, кәсіби бокстағы 11-жеңісіне қол жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1944763-quanysty-xabar-zanibek-alimxanuly-alem-cempiony-atagy-usin-talasady/

pixel