Дэвис кубогы: Джокович бастаған Сербия құрамасына есе жіберген Қазақстан жартылай финалға шыға алмады
Опубликовано:

Қазақстан Дэвис кубогының жартылай финалына шыға алмады. Ел құрамасы Новак Джокович бастаған Сербия құрамасына есе жіберді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының ширек финалында Сербия құрамасынан жалпы 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
"Шешуші кездесуде әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович пен Никола Чачич қазақстандық Андрей Голубев пен Александр Недовесовті 6:2, 2:6, 6:3 есебімен ұтты. Матчтың ұзақтығы 1 сағат 37 минутты құрады" делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандықтар Дэвис кубогының ширек финалына "В" тобында бірінші орынмен, Сербия құрамасы F тобында екінші орынмен шыққан болатын.
1/4 финалдың бірінші кездесуінде Михаил Кукушкин қарсыласынан басым түсті.
Екінші кездесуде Новак Джокович Александр Бубликтен айласын асырды. Осылайша, Қазақстан Сербиядан 1:2 есебімен жеңіліп, турнирдің жартылай финалына шыға алған жоқ.
Жартылай финалда Сербия құрамасы Хорватиямен кездеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1944847-qazaqstan-dzokovic-bastagan-serbiya-quramasyna-ese-ziberip-devis-kubogynyn-zartylai-finalyna-syga-almady/