Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы Деметриус Андрадемен өтуі тиіс жекпе-жек туралы жағымсыз хабар естіді

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

FightSpace Youtube арнасы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен америкалық Деметриус Андраде арасындағы титулдық жекпе-жек жақын арада өтпеуі мүмкін деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

"Әлімханұлы мен Андраде арасындағы жекпе-жектің жақын арада өтуі екіталай, өйткені жуырда ғана, яғни 19 қарашада Андраде чемпиондық атағын қорғап қалды. Ал WBO ережесіне сәйкес, титул иегері тоғыз ай ішінде міндетті түрде атағын қорғауы тиіс. Сондықтан Андраденің уақыты көп. Оның асықпауы әбден мүмкін. Бірақ тараптарға ортақ шешімге келуі керек, өйткені хабарландыру жарияланған сәттен бастап бұл үшін небәрі 20 күн беріледі. Әйтпесе – промоутерлік саудаға айналуы ықтимал. Жәнібек те жақында, 20 қарашада Нжикамды жеңіп, жекпе-жек өткізді", - дедң FightSpace арнасы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бүкіләлемдік бокс ұйымы америкалық чемпион Деметриус Андрадеге қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығып, титулын қорғауды міндеттеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1945043-zanibek-alimxanuly-demetrius-andrademen-otui-tiis-zekpe-zek-turaly-zagymsyz-xabar-estidi/

pixel