Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ Головкин-Мурата арасындағы жекпе-жектің кейінге қалғанын жазуда

Опубликовано:

Фото
Фото: instagram.com/gggboxing

ESPN инсайдері Майк Коппинджер орта салмақтағы әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жектің кейінге шегерілгенін хабарлады, деп жазады Sports.kz.

Майк Коппинджердің мәліметінше, бұған коронавирустың жаңа "омикрон" штамының таралуына байланысты Жапония шекарасының жабылуы себеп болып отыр.

Осылайша, WBA Super, IBF және IBO титулдары сарапқа салынатын жекпе-жек кейінге қалған.

"Дереккөздер Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жек Жапониядағы жаңа шектеулерге байланысты кейінге қалдырылғанын айтты.

DAZN компаниясының орта салмақтағы титулдарды біріктіретін бокс кеші 29 желтоқсанда Сайтамада өтуі тиіс еді. Енді жекпе-жекті келесі жылы Жапонияда өткізу жоспарлануда", - деп жазды Коппинджер Твиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1945111-baq-golovkin-murata-arasyndagy-zekpe-zektin-keiinge-qalganyn-zazuda/

pixel