Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңілді (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: youtube.com/Font vs. Aldo

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC турниріндегі төртінші жекпе-жегін өткізді.

Sports.kz хабарлағандай, ол Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 31 турниріне қатысқан болатын.

Онда Жұмағұлов анголалық Манел Капемен (16-6) жұдырықтасты. Олардың ең жеңіл салмақтағы жекпе-жегі үш раундқа жоспарланған, алайда бірінші раундта африкалық файтер отандасымызды нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов промоушенде үшінші рет жеңіліс тауып отыр. Бүгінгі жекпе-жекке дейін екі боксшының да UFC-де статистикасы бірдей болды: екі жеңіліс және бір жеңіс.

Қазақстандық UFC-дегі дебютін 2020 жылдың шілдесінде өткізді: бірінші жекпе-жегінде ол бразилиялық Раулиан Паивке бірауыздан ұтылып қалды. Одан кейін ол дәл осындай нәтижемен швед Амир Альбазиден жеңілген. Үшінші жекпе-жегінде бірінші раундта америкалық Джером Ривераны тізе бүктірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1945315-zalgas-zumagulov-ufc-degi-tortinsi-zekpe-zeginde-nokautpen-zenildi-video/

pixel