Нокаутпен жеңілген Жалғас Жұмағұлов жекпе-жектен кейін алғаш рет пікір білдірді (видео)

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов
Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов нокаутпен жеңілгеннен кейін алғаш рет пікірін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

"Барлығына жалынды сәлем. Елге оралдым. Мен де барлығы жақсы. Мен үшін уайымдап жатқандарға рақмет. Бұндай қолдау өте керемет екен. Менің денсаулығым жақсы. Мен осымен беріліп қоятын адам емеспін. Соңына дейін барамын. Қазір демалып жатырмын. Қайта қалпыма келіп жатырмын. Бұдан да мықты болып оралатын боламын. Алда дәлелдейтін дүниелерім өте көп. Мен сынып қалатын адамдардың қатарында емеспін. Әрине ұтылған жақсы емес... Бірақ бәрі бір Алланың қалауымен болады. Осылай болды. Барлығыңды құшақтадым", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC турниріндегі төртінші жекпе-жегін өткізді. Ол Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC on ESPN 31 турниріне қатысқан болатын.

Онда Жұмағұлов анголалық Манел Капемен (16-6) жұдырықтасты. Олардың ең жеңіл салмақтағы жекпе-жегі үш раундқа жоспарланған, алайда бірінші раундта африкалық файтер отандасымызды нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов промоушенде үшінші рет жеңіліс тауып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1945741-nokautpen-zenilgen-zalgas-zumagulov-zekpe-zekten-keiin-algas-ret-pikir-bildirdi-video/