Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Арли Чонтей
Арли Чонтей: wfrk.kz

Ауыр атлетикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте басталған әлем чемпионатында қазақстандық Арли Чонтей жеңіске жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстандық зілтемірші 55 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырына көтерілді. Арли жұлқа көтеруде 118, серпе көтеруде 142 келіні көтерді.

Ауыр атлеттің қоссайыс бойынша тіркеген нәтижесі - 260 келі. Осылайша, Арли Чонтей әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Күміс және қола медальді тиісінше Таиланд және Болгария спортшылары иеленді.

Айта кетелік, ауыр атлетикадан әлем біріншілігі 17 желтоқсанға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1945789-qazaqstandyq-sportsy-auyr-atletikadan-alem-cempiony-atandy/

pixel