Қазақстандық боксшы үшін әлем чемпионы титулынан бас тартуы мүмкін

Опубликовано:

Боксер Деметриус Андраде
Деметриус Андраде. Фото: DAZN.COM

Орта салмақтағы WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраденің промоутері Эдди Хирн қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке санкция берілгеніне байланысты титулдан бас тартуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Fightnews.info.

"Бұл түсініксіздеу. Біз WBC-ке хат жаздық. Ұйым өз ережесі бойынша чемпиондар арасындағы жекпе-жекті тағайындайды. Ал біз бір күннен кейін WBO-дан ешқашан атын естімеген жігіттің міндетті қарсылас атанғанын білдік.

Иә, WBO чемпиондар арасындағы жекпе-жектерге санкция бере алмайды, бірақ олар келісімге келіп немесе бас тарта алады. Олар біздің WBC-ге не жазғанымызды білді. 48 сағаттан кейін жекпе жек тағайындалды. Ол кімге керек?

Ендігі кезекте менен ерекше шешім талап етіледі. Мүмкін Андраде екінші орта салмақ дәрежесіне көтеріліп, автоматты түрде титулға үміткер болады деген ережені пайдаланып қалар. Қалай болғанда да, біз бірдеңе істеуіміз керек, өйткені біз жекпе жекке шықпаймыз", - деді Хирн.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін бүкіләлемдік бокс ұйымы америкалық чемпион Деметриус Андрадеге қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығып, титулын қорғауды міндеттеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1945874-qazaqstandyq-bokssy-usin-alem-cempiony-tituldan-bas-tartuy-mumkin/