Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Андраде, қайдасың?": Жәнібек Әлімханұлы өзімен қолғап түйістіруден бас тартқан әлем чемпионына жауап берді

Опубликовано:

Боксшы
Фото: janibek_qazaqstyle

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өз категориясындағы әлеуетті қарсыласы, WBO-дан әлем чемпионы Деметриус Андраденің жоғары салмаққа өтуіне қатысты болжамдарға пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін бүкіләлемдік бокс ұйымы Деметриус Андрадеге Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке шығып, титулын қорғауды міндеттеген болатын.

Алайда америкалық боксшының промоутері Эдди Хирн Андраденің өзіне тиесілі титулды орта салмақтағы боксшыларға қалдырып, жоғары салмаққа өтуі мүмкін екенін мәлімдеген еді.

Әлімханұлы Twitter әлеуметтік желісінде бұған қатысты өз ойын айтты.

"Андраде, сен қайдасың? Екінші орта салмақта? Мен екінші орта салмақта болғанда, сен қай дивизионда болады екенсің? Мен орта салмақтағы боксшылар үшін үрей туғызамын", - деп жазды отандасымыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1946325-andrade-qaidasyn-zanibek-alimxanuly-alem-cempionyna-zauap-berdi/

pixel