Әли Ахмедов бірінші раундта-ақ мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді
Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бокс кеші АҚШ-тың Калифорния штатындағы Монтебелло қаласында өтті.
Суперорта салмақтағы кездесу 10 раундқа жоспарланған еді, дегенмен Ахмедов 35 жастағы мексикалық қарсыласы Пол Валенсуэланы бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.
Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіби мансабындағы 18-жеңісін тойлауда.
Ал мексикалық боксшы кәсіпқой бокста 11-рет жеңіліп отыр.
Айта кетейік, бұл Әли Ахмедовтің биылғы жылдағы екінші жеңісі. Қыркүйек айында ғана ол перулік Давид Зегаррадан басым түскен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1946487-ali-axmedov-birinsi-raundta-aq-meksikalyq-qarsylasyn-nokautqa-tusirdi-video/