Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық файтер қарсыласын бірінші минутта жеңді (видео)

Опубликовано:

Азат Мақсұм
Фото: Instagram/ alashsporty

Қазақстандық файтер Азат Мақсұм (14-0) Octagon лигасының турнирінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ол кештің басты кардында қырғызстандық Азамат Қарабековті 1- раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

Осылайша, ешқашан жеңілмеген Азат Мақсұм мансабындағы он төртінші жеңісін қанжығасына байлады.

Осыған дейін Ливерпульде (Англия) ирландиялық Кэти Тейлор мен қазақстандық Фируза Шарипова арасында жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткенін жазған едік.

Бұрымды боксшылар рингте жоспарланған он раундты өткізді.

Жекпе-жекте төрешілер шешімімен Кэти жеңіске жетті: 98-92, 97-92, 96-93

Осылайша, ирландиялық боксшы WBC, WBA, WBO, IBF және The Ring журналы бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белбеулерін сақтап қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1946534-qazaqstandyq-faiter-qarsylasyn-birinsi-minutta-zendi-video/

pixel