Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рекордтық сома: БАҚ Фируза Шарипованың соңғы жекпе-жегінен қанша табыс тапқанын жариялады

Опубликовано:

Кэти Тейлор - Фируза Шарипова
Кэти Тейлор - Фируза Шарипова. Фото: Alex Livesey/Getty Images

Қазақстандық боксшы Фируза Шарипованың әлем чемпионы Кэти Тейлорға қарсы өткізген жекпе-жегі отандасымыз үшін табысты кездесу болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фируза Шарипова өзінің Instagram парақшасындағы Stories-те G versus YouTube каналының видеосын бөліскен.

Ролик авторы қазақстандықтың соңғы кездесуі үшін 500 мың фунт стерлинг (289 млн теңгеден астам) алғанын айтады. Ал ирландиялық боксшы Шариповадан 2 млн долларға көбірек тапқан.

Автордың сөзінше, Шарипова үшін бұл рекордтық сомадағы гонорар. Бұған дейін ол әрбір кездесуі үшін ең көп дегенде 50 мың доллардан алып келген.

Ал essentiallysports.com сайты басқа дерек келтірді. Басылым мәліметінше, Фируза Шариповаға рингке шыққаны үшін 100 мың доллар, ақылы қаралымның сатылымы үшін тағы 30 пайыз төлем уәде етілген.

Нәтижесінде ол осы жекпе-жек үшін 275 мың доллар, сондай-ақ, ақылы қаралым үшін қосымша ақы алуы тиіс болған.

Одан бөлек, басылым ирландиялық спортшының рингке шыққаны үшін 500 мың доллар және ақылы қаралым үшін 70 пайыз төлем алуына кепілдік берілгенін хабарлады. Осылайша, оның жалпы табысы 1 млн доллардан кем болмаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ливерпульде жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте қазақстандық Фируза Шарипова ирландиялық Кэти Тейлордан жеңілгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1946658-rekordtyq-soma-baq-firuza-saripovanyn-songy-zekpe-zeginen-qansa-tabys-tapqanyn-zariyalady/

pixel