Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жансая Әбдімәлік "Құрмет" орденімен марапатталды

Опубликовано:

ФОТО
Фото: Жансая Әбдімәліктің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев "Құрмет" орденінің иегерлерін марапаттады. Олардың қатарында Жансая Әбдімәлік бар, деп хабарлайды Ақорда.

"Ең жас халықаралық гроссмейстер, шахматшы Жансая Әбдімәлік пен белгілі опера әншісі Зарина Алтынбаева "Құрмет" орденімен марапатталды. Белгілі тележүргізушілер, журналистер Зейін Әліпбек пен Вера Захарчукке де "Құрмет" ордені беріледі", - деді президент мемлекеттік наградаларды табыстау рәсімінде.

Сондай-ақ, "Құрмет" орденімен Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған гимназиясының директоры Қорлан Құспекова, Көкшетау қаласының көпсалалы ауруханасы неврология бөлімінің меңгерушісі Мақшәріп Мартазанов, Алматы қаласындағы екінші клиникалық ауруханасының бас дәрігері, жоғары білікті нейрохирург Марат Рабандияров марапатталады.

"Олар ең маңызды мамандықтардың – мұғалімдер мен дәрігерлердің жарқын өкілдері. Олар өздерінің кәсібилігімен және жасампаз еңбектерімен гуманитарлық әлеуетті арттырады және ұлт денсаулығын нығайтады", - деді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1946690-zansaya-abdimalik-qurmet-ordenimen-marapattaldy/

pixel