Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду мен Месси кездеседі: UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды

Опубликовано:

Роналду мен Месси
Криштиану Роналду мен Лионель Месси. Фото: Football-addict.com

2021/2022 жылғы маусымдағы UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ереже бойынша, 1/8 финалда топтық кезеңде 1- орын алған команда өзге топта 2- орын алған командамен ойнайды. Бір мемлекеттің қос командасы кездеспейді.  

Жеребе қорытындысы төмендегідей:

"Бенфика" (Португалия) - "Реал" (Мадрид, Испания);

"Вильярреал" (Испания) - "Манчестер Сити" (Англия);

"Атлетико" (Мадрид, Испания) - "Бавария" (Мюнхен, Германия);

"Ред Булл Зальцбург" (Австрия) - "Ливерпуль" (Англия);

"Интер" (Милан, Италия) - "Аякс" (Нидерланды);

"Спортинг" (Португалия) - "Ювентус" (Турин, Италия);

"Челси" (Лондон, Англия) - "Лилль" (Франция);

"Пари Сен-Жермен" (Франция) - "Манчестер Юнайтед" (Англия).

Айта кетейік, 1/8 финалдың бірінші кездесулері 2022 жылы 15/16/22/23 ақпанда, қарымта ойындар 8/9/15/16 наурызда өтеді деп жоспарлануда.

Көпшілік желіде жеребе нәтижесін қызу талқыға салып жатыр. Олардың көбі "Манчестер Юнайтед" футболшысы Криштиану Роналду мен "Пари Сен-Жермен" футбол клубының ойыншысы Лионель Мессидің текетіресін асыға күтуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1946743-ronaldu-men-messi-kezdesedi-uefa-cempiondar-ligasy-18-finalynyn-zerebesi-tartyldy/

pixel