Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"МЮ" мен "ПСЖ" қате түскен: UEFA Чемпиондар лигасының жеребесі қайта тартылады

Опубликовано:

Фото
Фото: "Бавария" клубының Твиттер желісіндегі парақшасы

Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесін тарту рәсімінде өрескел қателік кетті. Дау Андрей Аршавин "Вильярреал" футбол клубының қарсыласын анықтаған сәтте басталған. Салдарынан "Манчестер Юнайтед" командасы "Атлетикоға" емес, "Пари Сен-Жерменге" түскен. Енді жеребе қайта тартылмақ.

"Атлетико" мен "Вильярреал" Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребе нәтижесіне шағым түсіруіне байланысты рәсім қайта өтпек.

Себебі, командаларды таңдау барысында өрескел қателік кетіп, "Манчестер Юнайтед" франциялық "Пари Сен-Жермен" клубына түскен.

Eurosport дерегінше, Андрей Аршавин "Вильярреал" қарсыласын анықтағанда себеттен "МЮ" командасын шығарған. Қос клуб футболшылары топтық кезеңде ойнағандықтан жеребе қайта таңдалып, испаниялық командаға "Манчестер Сити" түскен.

Осыған байланысты" МЮ" командасы "Атлетико" қарсыластарының пулына енбей, оның орнына мадридтіктермен бір топта өнер көрсеткен "Ливерпуль" түсті. Нәтижесінде "Атлетикоға" германиялық "Бавария", ал "Манчестер Юнайтедке" франциялық "ПСЖ" қарсылас атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1946751-myu-men-psz-qate-tusken-uefa-cempiondar-ligasynyn-zerebesi-qaita-tartylady/

pixel