Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келіннің бетін Қабдол ашты": Шымкентте Сәкен Бибосыновтың үйлену тойы дүркіреп өтті

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов жұбайы Назирамен
Сәкен Бибосынов жұбайы Назирамен: ашық дереккөз

Шымкентте бокстан 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосыновтың үйлену тойы өтті. Боксшының тойына еліміздегі спортшылар мен өнер жұлдыздары және командалас достары жиналған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бокстан әлем чемпионы Ордабасы ауданының тумасы, 22 жастағы Назира есімді бойжеткенмен шаңырақ көтерді. Екі ғашық үйленгенге дейін бес жыл бірге жүрген.

Сәкеннің қуанышына ортақтасу үшін бокстан ұлттық құрама мүшелері түгелдей дерлік жиналды. Олардың қатарында, Абылайхан Жүсіпов, Қамшыбек Қоңқабаев, Асланбек Шымбергенов, Махмұд Сабырхан, Сұлтан Зәуірбековтер бар.

Сондай-ақ, боксшының жеке бапкері Мырзағали Айтжанов та той төрінен табылды. Келіннің бетін ашуды той иелері танымал шоумен, беташар жасаудың шебері Қабдолға сеніп тапсырған.

Айта кетелік, Сәкен Бибосынов бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионы. Ол Өзбекстанда дүниеге келіп, кейін атажұртына қоныс аударған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1946775-kelinnin-betin-qabdol-asty-symkentte-saken-bibosynovtyn-uilenu-toiy-durkirep-otti/

pixel