Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Әшімов бокстан әлем чемпионатының қатысушысын жалаң жұдырығымен нокаутқа түсірді

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: Instagram/ kzsports

Танымал қазақстандық ММА файтері Арман Әшімов Украина чемпионы, бокстан әлем чемпионатының және Еуропа ойындарының қатысушысы Тимур Белякты жалаң жұдырықпен өткізген дебюттік жекпе-жегінде жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек Киевте Украина лигасының Mahatch FC турнирінде өтті.

Қазақстандық қарсыласын ауыр нокаутқа жіберді.

Айта кетейік, Арман Әшімов октогондағы соңғы жекпе-жегін 3 қазанда өткізіп, әзірбайжандық Серхан Валилиді жеңген болатын.

Одан бөлек, жақында қазақстандық файтер Азат Мақсұм (14-0) Octagon лигасының турнирінде жекпе-жек өткізіп, қырғызстандық Азамат Қарабековті бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген еді.

Осылайша, Азат Мақсұм мансабындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1947013-arman-asimov-bokstan-alem-cempionatynyn-qatysusysyn-zalan-zudyrygymen-nokautqa-tusirdi/

pixel