Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы "Канело" болуы мүмкін

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Фото: championat.com

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жапониялық Риота Муратаға қарсы кездесуі кейінге шегерілуіне байланысты алдағы жоспарлары туралы айтты. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Эдди Хирннің сөзінше, отандасымыздың алдағы қарсыласы мексикалық әйгілі боксшы Сауль "Канело" Альварес болуы әбден мүмкін.

"Мүмкін, Альварес. Кім біледі, бәрі мүмкін. Бұл әлемдік бокстағы ең үлкен жекпе-жек болар еді", - дейді ол.

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" рингте екі рет кездесті. Алғашқы жекпе-жек тең есеппен аяқталса, екіншісін төрешілер мексикалықтың пайдасына шешті.

Ал Головкиннің биыл 29 желтоқсанда Жапонияда Риота Муратаға қарсы өтуі тиіс жекпе-жегі коронавирустың жаңа "омикрон" штамының таралуына байланысты кейінге қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1947031-gennadii-golovkinnin-kelesi-qarsylasy-kanelo-boluy-mumkin/

pixel