Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ": Қазақстан-Өзбекстан матчында сенсациялық нәтиже тіркелді

Опубликовано:

зал
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионатына дайындық аясында Өзбекстан құрамасымен екінші жолдастық кездесуін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кездесу Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті.

Қазақстан құрамасы ойынды қарқында бастап, алғашқы алты минутта қарсыластың қақпасына үш доп ұрды.

Голдың авторлары - Біржан Оразов, Альберт Ақбалықов және Дуглас. Үзіліске дейін 3:0 есебі сақталды. 

Алайда ойынның екінші бөлігінде Қазақстан құрамасы бұл басымдылықты ұстап тұра алған жоқ.

Осылайша, 4:6 есебімен Өзбекстан жеңіске жетті.

Ойыннан кейін Қазақстан құрамасының футболшысы Біржан Оразов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жанкүйерлерге үндеу жасады.

"Жеңіс пен жеңіліс әрдайым қатар жүреді. Бүгінгі матчта біз қарсыластарға жол бердік, енді қателіктермен жұмыс жасап, бұдан да күшті болып ораламыз. Достар, ешкімді кінәлаудың қажеті жоқ. Ойын барысында қателіктерге бой алдырдық. Бұл матчтың нәтижесіне әсер еткен фактордың бірі. Айта кету керек, құраманың мықты және әлсіз тұстарын анықтау мақсатында жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Енді Еуроға дайындықты бастаймыз. Бізге сіздердің қолдауларыңыз маңызды", - деді Біржан Оразов.

Айта кетейік, қос құрама арасындағы алғашқы матчта Рикардо Кака шәкірттері 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1947185-eskimdi-kinalaudyn-qazeti-zoq-qazaqstan-ozbekstan-matcynda-sensaciyalyq-natize-tirkeldi/

pixel