Жүкембаев мексикалық Альваресті 69 секундта техникалық нокаутпен жеңді (видео)
Опубликовано:

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев кәсіпқой рингтегі жиырмасыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр мексикалық Хуан Хосе Мартинеспен (28-10, 20 КО) кездесті.
Монреаль (Канада) қаласында өткен кездесу алты раундқа жоспарланған, бірақ Жүкембаев қарсыласын мерзімінен бұрын (69-секундта) техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, бұл - Жүкембаевтың кәсіпқой бокстағы 19-жеңісі. 29 мамырда ол Карсон қаласында (Калифорния, АҚШ) пуэрториколық Сабриэль Матиастен (17-1, 17 КО) жеңілген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1947316-zukembaev-meksikalyq-alvaresti-69-sekundta-nokautpen-zendi-video/