Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Хамитов кезекті рет жеңіліс тапты

Опубликовано:

ММА
Фото: sports.kz

Атырауда қазақстандық Mergen Fighting Championship промоушены ұйымдастырған турнирде Қуат Хамитов жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қуат Хамитов ММА турнирінде грепплинг бойынша отандасы Нұрберген Шәріповпен жекпе-жекке шықты.

Кездесу барысында екі спортшы да белсенділік танытты. Алайда Қуат Хамитов жарақат алғандықтан, үшінші раундта жекпе-жекті тоқтатуды сұрады.

Осыдан кейін "Найман" лақап атымен танылған спортшы октагонға қайта оралуға әрекет жасап көргенімен, жарақаты "төбелесуге" кедергі келтірді.

Осылайша, кездесу Нұрбергеннің пайдасына шешілді.

Естеріңізге сала кетейік, турнирге Дамир Исмағұлов пен Арман Оспанов та қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1947329-quat-xamitov-kezekti-ret-zenilip-qaldy/

pixel