Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жанқош Тұраровтың Нұр-Сұлтандағы жекпе-жегі 45 секундта аяқталды

Опубликовано:

Видео
Видеодан кадр: Хабар телеарнасы

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген Жанқош Тұраров елорда төрінде өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өткен бокс кешінде Жанқош Тұраров мысырлық Абдумон Саидпен қолғап түйістірді.

Он раундтқа жоспарланған кездесу нәбері бірінші раунда аяқталды. 45 секундта ауыр соққы алған мысырлық боксшы айқасты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Жанқош Тұраров кәсіпқой мансабындағы жиырмасы бесінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз бірде бір айқаста жеңілмеген.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы мәрте 2019 жылы кездесу өткізіп, үшінші раундта Аргентина боксшысы Маура Максимильяно Годояны нокаутқа жіберген болатын.

Ал Саид 2020 жылдың соңында шаршы алаңға шыққан. Сол кезде Каирде отандасы Валид Тавфикті (8-3, 1 КО) дисквалификация бойынша жеңіп, бірінші жартылай орта салмақта ұлттық чемпион титулын иеленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1947360-zanqos-turarovtyn-nur-sultandagy-zekpe-zegi-45-sekundta-ayaqtaldy-video/

pixel