Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионы атанған Данияр Елеусінов есімін тарихтың парағында қалдырды

Опубликовано:

Боксшы
Видеодан кадр: Хабар арнасы

Данияр Елеусінов аргентиналық қарсыласын төрешілердің шешімімен ұтып, бокс тарихында тағы да өз атын қалдырды, деп хабарлайды Sports.kz.

Елорда төрінде өткен бокс кешінде атой салған Данияр Елеусінов тарихта әлем чемпионы белбеуіне қол жеткізген бесінші қазақстандық атанды.

Бұған дейін кәсіпқой бокста әлем чемпионы титулын Василий Жиров, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов пен Бейбіт Шүменов алған болатын.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леаль жұдырықтасты.

Кездесу Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті.

Данияр Елеусінов айқасты өте қарқынды бастап, екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да аргентиналық былғары қолғап шебері нокдаун алды.

Барлық раундта қазақстандық былғары қолғап шебері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, аргентиналықты қуып жүріп "сабады".

Нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1947363-alem-cempiony-atangan-daniyar-eleusinov-esimin-tarixtyn-paragynda-qaldyrdy/

pixel