Әлем чемпионы атанған Данияр Елеусіновтің рейтингтегі орны белгілі болды

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Данияр Елеусіновтің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Әлем чемпионы атанған Данияр Елеусіновтің рейтингтегі орны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Елеусінов 2020 жылдың қараша айынан бері рингке шықпаған еді. Сондықтан BoxRec сайтының "белсенді емес" мәртебесін алған. Кешегі жеңісінен кейін отандасымыз жартылай орта салмақтағы рейтингке қайта оралды. Қазіргі уақытта ол 27-орында тұр.

Айта кетейік, кеше Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леаль жұдырықтасты.

Кездесу Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті.

Данияр Елеусінов айқасты өте қарқынды бастап, екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да аргентиналық былғары қолғап шебері нокдаун алды.

Барлық раундта қазақстандық былғары қолғап шебері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, аргентиналықты қуып жүріп "сабады".

Нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1947413-alem-cempiony-atangan-daniyar-eleusinovtin-reitingtegi-orny-belgili-boldy/