Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионы атанған Данияр Елеусінов мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Данияр Елеусіновтің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанған Данияр Елеусінов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Боксшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзін қолдаған ел тұрғындарына алғысын білдірді.

"Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арналған бокс кеші өтіп кетті. Мені қолдап, жанкүйер болғандарыңыз үшін мың алғыс. Енді басқа да белбеулерді қосып алатын мақсат алда... Барша ұйымдастырушыларға рақмет айтамын", - деді Данияр Елеусінов.

Айта кетейік, 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леаль жұдырықтасты.

Кездесу Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылды.

Данияр Елеусінов айқасты өте қарқынды бастап, екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да аргентиналық былғары қолғап шебері нокдаун алды.

Барлық раундта қазақстандық былғары қолғап шебері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, аргентиналықты қуып жүріп "сабады".

Нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1947485-alem-cempiony-atangan-daniyar-eleusinov-malimdeme-zasady/

pixel