Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі ММА файтері кенеттен көз жұмды

Опубликовано:

ММА
Фото: Instagram/derik_santos_boxing

Америкалық аралас жекпе-жек шебері Джордан Янг 27 жасында дүниеден өтті. Қайғылы хабарды спортшының жаттықтырушысы Дерик Сантос жеткізді, деп хабарлайды Lenta.ru.

27 жастағы спортшының неден көз жұмғаны айтылмады.

"Мен бұған сене алмадым, біраз есеңгіреп қалдым", - дейді спортшының жаттықтырушысы.

Джордан Янг спорт сүйер қауымға Bellator промоушеніндегі жекпе-жектері арқылы танылды.

Соңғы уақытта ол кәсіби жауынгерлер лигасында (PFL) өнер көрсетті.

Америкалық файтер спорттағы мансабында 12 рет жеңіске жетіп, бір рет қарсыласына есе жіберген.

Биыл 27 қазанда өткен кездесуінде ол ресейлік Омар Ахмедовты мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін танымал ММА спортшысы Матеуш Лазовски кезекті жекпе-жегіне дайындық кезінде көз жұмған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1947562-belgili-mma-faiteri-kenetten-koz-zumdy/

pixel