Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

WBO Андраде - Әлімханұлы жекпе-жегінің соңғы мерзімдерін белгіледі

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Фото: Prosports.kz

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) мен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) арасындағы жекпе-жекке промоутерлік сауда туралы шешімінде жекпе-жекті өткізудің соңғы мерзімін белгіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

WBO ережесіне сәйкес, жекпе-жек промоутерлік сауданың қорытындысы жарияланғаннан кейін 45 күннен соң және 90 күннен кешіктірілмей өткізілуі тиіс.

Сауда 15 қаңтарға жоспарланғанын ескере отырып, спортшылар 2022 жылдың 1 наурызынан кейін және 15 сәуірге дейін рингте кездесуі керек.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейінгі жекпе-жегін 21 қарашада Лас-Вегаста өткізіп, орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы француз Хассан Ндам Нжикамды (38-6, 21 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Кейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) қазақстандықты ресми түрде әлем чемпионы атағы үшін міндетті үміткер ретінде тағайындады. Белбеу қазір америкалық Деметриус Андрадеге (31-0, 19 КО) тиесілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1947743-zanibek-alimxanulynyn-kelesi-zekpe-zegi-kimmen-zane-qasan-otetini-belgili-boldy/

pixel