Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дайындықты бүгіннен бастаймыз": Махмұд Сабырхан мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан
Махмұд Сабырхан. Фото: olympic.kz

Бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Махмұд Сабырхан биылғы маусымды қорытындылап, келер жылдағы жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

"Әлем чемпионатын күміспен аяқтадым. Менің алтын алсам деген арманым асқақ болды. Бірақ Белгардта бұл ойым жүзеге аспады. Дегенмен, бұл күміс медаль мені алға жетелейтіні сөзсіз. Өз арманымды орындау үшін бар күшімді саламын.

Келесі жылдың ең маңызды додасы - Қытайда өтетін Азия ойындары. Сол бәсекеге дайындықты бүгіннен бастаймыз", - деді Махмұд. 

Айта кетсек, Белградтағы әлем біріншілігінде Қазақстан командасы 5 медаль жеңіп алды. Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі) алтын алса, Сабырхан Махмұд (54 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) күміс, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола медаль иеленді.

Жалпы командалық есепте Қазақстан екінші орын алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1947822-daiyndyqty-buginnen-bastaimyz-maxmud-sabyrxan-malimdeme-zasady/

pixel