Қазақстандық боксшы Қанат Исламға тиесілі болған чемпиондық атақ үшін таласпақ

Опубликовано:

Қанат Ислам
Қанат Ислам. Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO International титулынан айырылып қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның жазуынша, Дүниежүзілік бокс ұйымының мұндай шешім қабылдауына Қанат Исламның белсенділігінің төмендігі және титулды қорғамауы себеп болуы мүмкін.

2019 жылы отандасымыз Уолтер Каутондокваға (18-2, 17 КО) қарсы жекпе-жекте аталған титулды жеңіп алған соң тек бір ғана кездесу өткізген.

Енді орта дивизиондағы WBO International белбеуі BoxRec.com сайтында бос титул ретінде көрсетіліп тұр.

Ал белбеудің жаңа иесі 15 қаңтарда Ақтауда өтетін қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов пен ресейлік Андрей Сироткин арасындағы жекпе-жекте анықталмақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін WBO америкалық Деметриус Андраде мен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының кездесуі промоутерлік сауданың қорытындысы жарияланғаннан кейін 45 күннен соң және 90 күннен кешіктірілмей өтуі тиіс екенін хабарлаған еді.

Сауда 15 қаңтарға жоспарланғанын ескере отырып, спортшылар 2022 жылдың 1 наурызынан кейін және 15 сәуірге дейін рингте кездесуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1947981-qazaqstandyq-bokssy-qanat-islamga-tiesili-bolgan-cempiondyq-ataq-usin-talaspaq/