Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сол қолымды жарақаттап алдым". Елеусінов әлем чемпионы атағы үшін өткен кездесуден алған әсерін бөлісті

Опубликовано:

Данияр Елеусінов
Фото: Prosports.kz

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0) аргентиналық Хуан Эрнан Леаоға (15-2, 4 КО) қарсы жекпе-жектен кейінгі әсерін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты worldboxingnews.net-ке сілтеме жасап.

"Мен өзімнің отбасымның, достарымның және елдің алдында кәсіпқой ретінде өнер көрсететініме қатты қуандым. Маған қатты қысым жасалды, өйткені мен соңғы үш жекпе-жектегідей жақсы өнер көрсеткім келді.

Екінші раундтағы екі нокдауннан кейін оны басынан ұрып тоқтатпақ болғанымда сол қолымды жарақаттап алдым. Леао жанын аман сақтауды ғана ойлады, нақты мүмкіндіктерді толығымен пайдалануыма кедергі болды.

Мен қалағанымдай өнер көрсетпесем де, өзіме қажетті раундтарды алдым және мансабымда алғаш рет 12 раунд жұдырықтастым", - дейді Елеусінов.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов пен Хуан Эрнан Леао арасындағы кездесу 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында, Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтті.

Данияр Елеусінов жекпе-жекті өте қарқынды бастап, екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да аргентиналық былғары қолғап шебері нокдаун алды.

Жалпы барлық раундта да Елеусінов жоғары деңгейде өнер көрсетіп, нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1948002-sol-qolymdy-zaraqattap-aldym-eleusinov-alem-cempiony-atagy-usin-otken-kezdesuden-algan-aserin-bolisti/

pixel